Қазақстандықтар Эдинбург герцогы білім қорының сыйақысын ала алады

Еліміздің әлемдік экономика және саясат институты Британияның бірқатар институттарымен келіссөз жасады, деп тілшісі институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Институт басшысы Ержан Салтыбаев Лондонда алдыңғы қатарлы талдау орталықтарының сарапшыларымен бірнеше кездесу өткізді. Атап айтқанда, Британияның халықаралық қарым-қатынас саласындағы Chatham House ұйымы, Біріккен Корольдіктің қорғаныс зерттеу институты (RUSI - Royal United Services Institute for Defence and Security Studies), Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (The International Institute for Strategic Studies), Wilton Park кеңсесіне қарасты атқару агенттігі және Эдинбург герцогы білім қорымен келіссөз жүргізілді.

«Қазақстан Британия үшін Орталық Азиядағы ең ірі геосаяси әріптес ретінде маңызды. Екі ел басшыларының достық қарым-қатынасының нәтижесінде бүгінде халықаралық саясаттың түрлі аспектілерін талдау саласындағы екіжақты әрекет кеңеюде», - деді ҚР Тұңғыш Президенті қорына қарасты Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев.

Кездесу нәтижесінде ғылыми-талдау саласындағы біріккен ынтымақтастық шараларды ұйымдастыру туралы құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін Эдинбург герцогы қорының білім сыйақысына қатысу туралы келісім сөз болды.

Айта кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік және ҚР Тұңғыш Президентінің қызметін және оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құрудағы және нығайтудағы және жаһандық бейбітшілік диалогын ілгерілетудегі үлесін зерттеуге бағытталған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе