Дін тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар өтеді

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы және ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы қала мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізудің өзекті мәселелері» атты семинар өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Семинар барысында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы және дін саласындағы өзге де беделді тұлғалар дәріс оқып, дін саласында қабылданған жаңа заң жобасын түсіндірумен қоса, «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізуде қандай мәселелерге басымдылық жасау қажеттігі, сондай-ақ пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдың жобасына ұстаздар тарапынан ұсыныс-пікірлер алу.

Аталмыш іс-шараның өткізілуі - ұстаздардың діни қатынастар саласында тәжірибелерінің қалыптасуына, білім ордаларында дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білімнің берілуіне септігін тигізері сөзсіз.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе