Денсаулық сақтау вице-министрі Астанадағы мектептің бірінде денсаулық сабағын өткізді

АСТАНА. 3 Бүгін  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Астанадағы №50 мектебінің оқушыларымен денсаулық сабағын өткізді.

«Салауатты өмір салты мен денсаулық сақтаудың маңыздылығы тұрғысында сабақ өткізу мен үшін үлкен құрмет. Біздің министрлік осы бастамамен Білім және ғылым министрлігіне өтініш жасады. Осы кездесуді қызықты әрі тартымды өткізу үшін сіздерге тиісті кеңестер беріп, яғни дәрігер ретінде денсаулықтың мән-маңызы төңірегінде сөз қозғайтын боламыз және сіздердің сауалдарыңызға жауап беруге тырысамыз», - деді вице-министр.

Айта кетейік, Е. Байжүнісов осы жүздесу барысында оқушыларға денсаулық сақтау саласындағы сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жайында мәліметтерді жеткізді.

Сонымен қатар, вице-министр жасөспірімдерге жаман әдеттердің, яғни темекі мен алкогольдің зияны жайында кеңінен мағлұматтар берді. «Жаңадан қалыптасып келе жатқан өмірлеріңізді бұзбай, керісінше ғылыми жоғары биіктерден көрініп немесе біздің Олимпиадашылар секілді жетістіктерге жетуге тырысу қажет», - деп түйіндеді ол .
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе