Қарағанды облысында дуалды оқыту жүйесі талқыланады

АСТАНА. 5 сә  - Ертең Теміртау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысының Білім басқармасымен бірлесіп, Теміртау политехникалық колледжінің базасында «Дуалдық жүйе: енгізу тәжірибесі мен келешегі» атты республикалық семинар өткізеді.Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, семинар жұмысына Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешов, Қарағанды облысының әкімі Ә. Құсайынов, Парламент депутаттары, салалық министрліктердің өкілдері, «Қазақмыс Корпорациясы» Басқарма басшысы Э. Огай, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары, кәсіпорындар мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының басшылары қатысады.

Семинардың негізгі мақсаты - Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» корпорациясы Технологиялық колледжінің, «Қазмырыш» АҚ-ның жұмыс тәжірибесін зерделеу, дуалды оқыту жүйесінің элементтерін ендіру тетіктерін талқылап, кәсіби білікті кадрларды дайындауда әлеуметтік серіктестікті дамыту болып табылады.

Дуалды оқыту ТжКБ-ның кадрлар даярлаудағы ең көп тараған тиімді жүйесі екені белгілі болып отыр. Дуалды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде компанияда өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған.  

Республикалық семинарда кадрлар даярлау жүйесіне дуалды оқыту моделінің элементтерін ендіру мүмкіндіктері талқыланатын болады.

Кезекті жұмыс сапарында ҚР БҒМ Басшысы тәжірибе жүзінде енгізілген дуалдық жүйені Теміртау қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында көретін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе