Жамбыл облысына сапарында Мемлекеттік хатшы ұмыт болған ұлттық тағамдар конкурсын қорытындылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Сапар барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырған «Әйелдер сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейді» атты республикалық конференцияға қатысты.

Іс-шараға, сондай-ақ, Жамбыл облысының басшылығы, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылсыз мүмкін еместігін атап өтті.

Елімізде мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаның басты мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас және құқықтық сана қалыптастыру.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы еліміздің әйелдер қауымын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға, «Мәңгілік Ел» идеологиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ сапар аясында Мемлекеттік хатшының төрағалық етуімен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің байқау кеңесінің отырысы өтіп, онда жоғары оқу орнының одан әрі дамуының көкейкесті мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша байқау кеңесі өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, университеттің даму стратегиясын бекітті, сондай-ақ университеттің ұсынылған құрылымын мақұлдады.

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Г.Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы, «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы және Жамбыл облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған екі республикалық конкурсты қорытындылау салтанатына қатысты. Ол - ұмыт болған ұлттық тағамдардың және «нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің конкурсы.

Ұлттық тағамдар мен киім үлгілеріндегі көп жылдық дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға бағытталған, сондай-ақ декоративтік қолөнермен шұғылданатын  кәсіпкер әйелдерді «Астана-ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға дайындауды көздейтін бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе