Еліміздің заңдары кәсіптік-білім беруді жетілдіруге ықпал ете алмай отыр - дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Қарашаның 11/Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісі үлкен қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Соңғы жылдары бұл салада көптеген күрделі проблемалар қалыптасты. Бұл туралы бүгін  Астанада «Инновациялық экономикаға арналған қазіргі заманғы техникалық және кәсіби білім беру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Мәжіліс депутаты Динар Нүкетаева мәлім етті,деп .

 Депутаттың сөзіне қарағанда, жағдайдың бұлайша қалыптасуы - кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға бағытталған нормативті-құқықтық базаның жетілмеуінен. «Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы» заңы мен өзге де нормативті құқықтық актілер жұмысшы кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмыстарын толық көлемде қамтамасыз ете алған жоқ. Сондай-ақ техникалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру ісінде жұмыс берушілердің жауапкершілігі толық қамтылмаған. Бұл іске жеке секторды тарту мәселесі де заңда көрсетілмеген. Соңғы уақытта кәсіптік-техникалық мамандық иелерінің мәртебесі көңіл толтырарлықтай емес. Соның салдарынан ол бүгінгі экономика талаптарына жауап бере алатындай деңгейде дамымай отыр», деді халық қалаулысы.

 Оның пікірінше, жағдайдың бұлайша қалыптасуының өзіндік себебі де бар. Кәсіптік-техникалық білім алған жастар біздің елде өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе