Ресей Қорғаныс министрі С. Шойгу «Жас ұлан» мектебінде болды

АСТАНА. 30 Елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Ресей  Қорғаныс министрі Сергей Шойгу екіжақты келіссөзге қол қойылған соң, дәстүр бойынша Қазақстан Қорғаныс министрлігі аумағында орналасқан Министрлер аллеясына ағаш отырғызды.Сондай-ақ, министр сапар барысында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінде болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған мектепте 400-ден астам балалар оқып білім алуда. Олардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасы жоқ, туыстарының қамқорлығында болған балалар, көп балалы отбасынан шыққандар, ата-анасы мүгедек болып қалғандар бар. «Жас ұлан» мектебінің ұландары  үшін арнайы салынған жаңа ғимарат заманауи оқу-материалдық базамен жабдықталған.

«Республикалық «Жас ұлан» мектебін бітірген түлектер бірыңғай ұлттық тестілеуде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Олардың көпшілігі  Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Түркия жоғарғы әскери оқу орындарына түсіп, білім алуда. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мектеп  оқушыларына барлық жағдайдың жасалғанын атап өтіп, ұландардың оқуларына табыс тіледі», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе