Қазақ ҰТУ-де Университет күні атап өтілуде

АЛМАТЫ. 20 Бүгін Алматыдағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ЖОО-ның күніне арналған салтанатты шаралар өткізілуде.Шаралар бағдарламасында Қ.И.Сәтпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою, ЖОО ғалымдарының еңбектері мен ҚазҰТУ туралы әдебиет қойылған кітап көрмесін ұйымдастыру, сондай-ақ мерекелік концерт өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, студенттер университетке арнап флэш-моб өткізді.

ЖОО басшылығының айтуынша, ҚазҰТУ тарихы 1933 жылдың 20 қазанынан бастау алады, сол кезде КСРО Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Алматы қаласында Қазақ тау-металлургиялық институтын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданған болатын. Білім ордасының 78 жылдық тарихы бар, осы жылдары бұл жерден 100 мыңнан астам техникалық сала мамандары болашақ өмірге аттанды, олардың арасында Кеңес Одағының батырлары, «Халық Қаһармандары», ҚР Парламентінің өкілдері және тағы басқалар бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе