Электронды журналды 1,5 миллиондай оқушы қолданады - Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп журналын қандай жағдайда қағаз түрінде толтыруға тыйым салынатындығы туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Интернет желісіне қолжетімділік бойынша айтарым. Қазір мектептердің 99 пайызы немесе 6960 мектеп интернетке қосылған. Бірақ, бұның ішінде тек 62 пайызы бізге қажетті жылдамдығы 4 Мбит/с-тан кем емес интернетке қолжетімді. 3200 мектепке Wi-Fi тартылды. Бұл да үлкен маңызды жұмыс. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша барлық мектептерде тиісті жоспарлар бар», - деді министр Үкімет отырысында.

Сағадиевтің айтуынша, Қазақстанда бүгінде 4 мыңнан астам мектепке электронды күнделік енгізілген. Оны қазіргі таңда бір жарым миллиондай оқушы қолданады.

«Сонымен бірге, электрондық журнал цифрлы білім ресурстары секілді барлық мектептерде болуы керек. Қазір электронды журналды қағаз есепке бірдей етіп теңестірдік. Егер мектеп электронды жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды түрде жүргізу керек», - деді Ерлан Сағадиев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе