Оралда «INFOMAN» VII облыстық ашық интеллектуалдық компьютерлік турнирі мәреге жетті

ОРАЛ. 10  «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «INFOMAN» VII облыстық ашық интеллектуалдық компьютерлік турнирі өтті.Турнирдің мақсаты оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру, олардың ғылыми-техникалық қызметтер мен жаңа ақпараттық, компьютерлік технологияларға қызығушылықтарын арттыру болатын.

Турнирге барлық аудан, Орал қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп, С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернат кешенінің командалары қатысты.

Облыстық білім басқармасы берген мәлімет бойынша жалпыкомандалық жарыста 1-орын Орал қаласының командасына бұйырды С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернат кешені - екінші, Бөрлі ауданының командасы 3-орынға тұрақтады.

Жекелей сында 1-орынды С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернат кешенінің оқушысы Есболат Сыйлыбай еншілесе, екінші жүлде Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Надир Манаховқа бұйырды. Ал 3-орынға Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Данияр  Итеғұлов ие болды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе