Назарбаев Университеті болашақта жекеменшікке айналады -Елбасы

АСТАНА 1 Назарбаев Университеті болашақта жекеменшікке айналады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған жоғары оқу орны студенттерімен кездесу барысында айтты.

Мемлекет басшысы осы оқу орнының студенттерінің тегін білім алып жатқандығын, тегін жатақханамен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, мұндай тәжірибенің басқа мемлекеттерде жоқ екендігіне баса назар аудартты. Бұл орайда еліміздің "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жатқан жастарға мемлекет тарапынан ауқымды қаражат бөлініп отырғандығын баса айтты.

«Бұл университет те бірте-бірте жекеменшік болады. Солай болуы тиіс. Біз сіздерге осындай жағдай жасап отырмыз. Сендер осы университеттің тұңғыш түлектерісіздер»,-деді Елбасы.

Бейресми кездесу барысында студенттер Назарбаев Университетіндегі оқу процесі мен тұрмыс-жағдайлары туралы әңгімелеп, өздерін толғандырған сауалдарына Елбасының егжей-тегжейлі жауаптарын алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе