Алматы оқушылары 7 жыл бойы республикалық олимпиадаларда және 10-рет ғылыми жарыстарда командалық бірінші орын алды - А. Есімов

АЛМАТЫ. 3 Алматыда жоғары оқу орнына дейінгі білім шаңырақтарындағы 18 жасқа дейінгі жастардың жалпы саны 300 мың адамды құрайды.  Бұл туралы бүгін республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған үздік оқушыларға «Үркер» төсбелгісін табыс ету рәсімінде айтылды.

«Алматы қаласының оқушылары  7 жыл бойы республикалық олимпиадаларда және 10-рет республикалық ғылыми жарыстарда командалық бірінші орын алды. Биыл ғылыми жарыстар мен олимпиадаларға негізгі ғылымдар бойынша 182 оқушы қатысып, оның 139-ы жүлдегер атанды. Сондай-ақ 171 оқушы халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді», - дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. А. Смағұлұлының айтуынша, бүгінгі салтанатты шарада 201 оқушы  бірінші рет «Үркер» сыйлығымен, ал  оған  бұған дейінгі жылдары қол жеткізген  29 оқушы құрмет грамоталарымен марапатталып отыр. Жалпы Алматы қаласының білім беру жүйесіндегі мектептер, колледждер мен кәсіптік техникалық лицейлерде қазір 185 мың оқушы білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе