Мереке күні жаңа балабақша ашылды - Өскемен

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Өскемен қаласында тағы бір балабақша бой көтеріп, жұмысын бастады, деп хабарлады қалалық 1720.kz сайты. «Аружан» атты жаңа тәрбие ошағының ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты.«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында «Балапан» бағдарламасы аясында бірқатар балабақшалар ашылды. Бүгінгі «Аружан» балабақшасы да мемлекетпен серіктестікке отыра отырып, жұмысын бастады», - деді аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омар.Балабақшаның салтанантты ашылуы аясында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және қала басшысы Темірбек Қасымжанов мектепке дейінгі білім ордасымен танысты. Балалардың шағын концерттік бағдарламасын тамашалап, мекемеге сыйлық тарту етті. Ашылып отырған балабақша 90 орынға арналған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе