БҚО әкімі оқушыларды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады

ОРАЛ. 25 25 мамыр күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін орта мектепте болып, ұстаздар мен шәкірттерді, ата-аналарды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады.Шараны ашқан аталмыш мектептің директоры Сансызбай Кенжеков биылғы оқу жылында мұнда 1393 оқушы білім нәрімен сусындағанын айтты. Оның 244-і - оқу озаты, 526-сы оқу екпіндісі болып танылып, 58 пайыз көлемінде білім деңгейін көрсетті.

Облыс басшысы өз сөзінде атап өткеніндей, он бір жыл бұрын мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған оқушылар, міне, таудай болып қалыптасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Ата-ана, мұғалімдер арқылы бойларына дарыған тәрбие, білім, мәдениет, ізгіліктің нәрі алдағы жарқын өмір жолдарының негізін қалайтынына сенім мол. Мемлекет тарапынан балалардың алаңсыз білім алуына қажет жағдай жасалуда. Мәселен, биыл Оралда Назарбаев зияткерлік мектебі және 1200 орындық тағы бір мектеп ашылмақ. Аудандардағы апатты жағдайда тұрған төрт мектеп қайта салынып, пайдалануға берілмекші. Білім сапасын арттыру бағытындағы қолға алынған шараларға байланысты батысқазақстандық түлектер  ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Батыс Қазақстанның барлық мектептерінде бүгін соңғы қоңырау салтанаты болып өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе