Алматыда 105 студент Сара Назарбаева тағайындаған стипендияның иегері атанды

АЛМАТЫ. Қарашаның 12/Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда  Сара Назарбаеваның  қайырымдылық көмегін алатын, жетім балалар үйінің және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған концерт пен мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.  Биылғы жылы олардың қатарына Алматы қаласының  жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 107-і 1 курс студенттері қосылды. Жалпы, қалада осындай 294 стипендиат бар, деп .

   «Мен еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаев тағайындаған стипендия иегері атанғаныма қуаныштымын. Шын жүректен бізге жасалып жатқан қамқорлыққа, қолдауға алғысымды айтқым келеді. Бұл стипендия біз үшін үлкен материалдық көмек. Мен ол қаражатқа қажетті кітаптарымды сатып аламын. Жалпы, бұл көмек бізге алға ұмтылуға, алдыға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі. Мен Үкімет тарапынан барынша жасалып жатқан барлық көмектерді  мүмкіндігіме қолдануға тырысамын. Менің алдымдағы бүгінгі күнгі ең басты мақсат - сабағымды жақсы оқу, еліміздің лайықты азаматы болу», дейді ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 2-курс студенті Тұрсынай Әубәкірова. Ол Тараз қаласындағы балалар үйінде өсіп, тәрбиеленген.

         Биылғы жылдың қараша айында студенттердің жеке есеп шоттарына 2 миллионнан астам теңге сомадағы қаражат аударылған. Аталған көмекті студенттер жылдың аяғына дейін алады.

         Еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева 2003 жылдан бері әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленуші -студенттеріне тоқсан сайын ақшалай қаражат бөліп тұрады. 2008-2009 оқу жылында Алматы қаласының жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын балалар үйінің 223 тәрбиеленушілері 9 миллион теңгеден астам   қайырымдылық көмек алған. Барлығы республика бойынша 16 аймақтарда 4000-нан астам оқушылар мен студенттер стипендия алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе