Алматыда 50 балаға арналған жекеменшік балабақша ашылды

АЛМАТЫ. Қарашаның 20/ Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында «Ассорти бэби» атты жекеменшік балабақшаның  ашылу рәсімі өтті,деп .

Балабақшада бүгiнгi күні 4 тәрбиешi және 4 оқытушы жұмыс iстейдi. Сондай-ақ балалар үшiн хореография, ағылшын тiлiн үйрету, спорт, музыка бөлмелері ашылған. Тәрбие ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен «Балбөбек» оқу бағдарламасына сәйкес iске асуда. Сонымен қатар 50 балаға арналған бұл балабақшада 2-5 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленуде.

«Қазіргі уақытта ауданымызда 19 балабақша жұмыс істеп жатыр, оның 15-і өкімет тарапынан ашылған, 3 ведомстволық және 2 жекеменшік балабақша тіркелген. Бұл балабақшаларда 3417 бала тәрбиеленіп жатса, 3500-дей бала орын жетіспегендіктен кезекте тұр. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жақында тікелей эфир арқылы  кезінде мемлекет меншiгінде болған бұрынғы балабақшалар мен мекемелерді мемлекетке қайтару керектігін және мектепке дейінгі мекемелерді  кәсiпкерлермен бірлесіп ашу өзекті болып тұрғанын айтқан еді. Міне осы мәселе бойынша кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз», дейді Медеу ауданының әкімі Махамбет Бейдәлі. Сонымен қатар, ол соңғы 9 айдағы бала туу көрсеткіші былтырғы жылға қарағанда 311 балаға артып отырғандығын және оларды балабақшамен қамту бағытында көптеген жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

«Осы балабақшаны ашу мәселесі көптен көкейімде жүрген еді, өйткені балаларымды балабақшаға апарған кезде, орын болмай көптеген қиындықтарды басымнан өткердім. Міне сондай кедергілерді ескере отырып, әкімшіліктің және білім департаментінің қолдауымен барлық талаптарға сай балабақша аштық деп ойлаймын», дейді балабақшаның құрылтайшысы Руфия Жамалбекова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе