Нұрсұлтан Назарбаев: Цукуба университетінің құрметті докторы атану - зор мәртебе

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университетінің құрметті докторы атануын зор мәртебе санайтынын айтты, деп тілшісі.

«Жапонияның жетекші оқу орындарының бірі - Цукуба университетінің құрметті докторы атанғаныма қуаныштымын. Сіздердің университет әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы саналады. Өзінің терең тарихымен де танымал. Цукубаның Нобель сыйлығы иегерлерін оқытып шығарған жапондық жоғары оқу орындары қатарына кіруінің өзі зор құрметке лайық. Университеттің үш түлегі 1965 және 1973 жылдары - физикадан, 2000 жылы - химиядан Нобель сыйлығын алды», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университеті қазақстандықтар арасында да зор сұранысқа ие екенін, 105 адам диплом алғанын айтты. Оның басым бөлігі тәуелсіздіктің елең-алаңында жарияланған «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алғанын еске салды.«2016 жылы Жапонияға сапар барысында Токай университетінің құрметті докторы атанған едім. Жапонияның лайықты әрі бай дәстүрі бар ғылыми-зерттеу орталықтарының қадір тұтуы - мен үшін үлкен мәртебе және бұл Қазақстанның барша халқына деген құрметтің белгісі. Өз тарапымнан еліміздің жастар саясатына және білімді дамытуға барлық уақытта айрықша мән бердім. Менің бастамаммен мыңдаған жас қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен әлемнің үздік университеттерінде білім алды», - деді Елбасы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цукуба университетінің президенті Кёсукэ Нагата Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған университеттің құрметті докторы куәлігін табыс еткен болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе