Елордада қазақ мектептерінің саны артуда

АСТАНА. 24 Астана қаласында 2012-2013 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер саны 70-ке жетті. Бұл туралы  Astana.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан хабарлады.

Бұл  2010-2011 оқу жылдарымен салыстырғанда  4  мектепке артық. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны - 24,  2010-2011 жылдары  20 болған.

Биылғы оқу жылында Астана қаласында жалпы білім беретін мектептер санына бір мектеп қосылып отыр. Қазақ мектептерінде 2011 жылы - 25 883 оқушы болса, 2012-2013 оқу жылында  29 523 оқушыға  жетіп отыр.

Басқарманың мәліметі бойынша, 2012-2013 оқу жылында 24 қазақ мектебі бойынша  2018 мұғалім жұмыс істейді. 1815 мұғалімнің жоғары педагогикалық, 203-інің орта  кәсіптік  педагогикалық білімі бар. 579 мұғалімнің біліктілік санаты жоғары, 503-і  бірінші, 448-і  екінші санатқа ие.

Яғни, Астана қаласында 2011-2012 оқу жылында 23 қазақ мектебі болған, ондағы оқушылар саны - 25 883. Бұл көрсеткіш барлық  оқушылардың  33,8 % құраса, биылғы оқу жылында мектеп саны біреуге артып, оқушылар саны - 29 523 жеткен, яғни, бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 35,3 % құрап отыр.

Бүгінгі таңда, қалаға сырттан келетін тұрғындардың көбеюіне байланысты мектептерде орын тапшылығы  сезілуде.  Осыған байланысты алдағы уақытта  қазақ тілді мектептерді ашу жоспарда  бар, - делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе