Мұсылман қызы әлемдегі ең ақылды 50 оқушының қатарында

АСТАНА. 25 Нигериядан шыққан вундеркинд мұсылман қызы өзінің бойындағы қарым-қабілеті мен талантын танытып, әлемнің ең ақылды деген 50 оқушының тізіміне енді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.Нью-Джерсиде тұратын 16 жастағы Сахила Ибрахим Гарвард университетіне түсті. Сонымен бірге, ол АҚШ-тың Пенсильвания, Корнелл, Браун, Принстон, Колумбия және Чикаго секілді беделді 12 университетіне оқуға қабылданды.

Сахиланың ғылым саласындағы жетістіктері мектеп қабырғасында жүрген кезде-ақ байқалған. Алғырлығымен және зеректігімен, сондай-ақ, ізденімпаздығымен көзге түскен ол мектептің оқу бағдарламасында жоқ көптеген пәндерді өз бетінше оқып, бірталай тілді меңгерген. Атап айтқанда, ол ағылшын тілінен өзге йоруба, араб, испан, латын тілдерін біледі.

Сонымен қатар, ол мектептің инвестициялық клубын басқарады және нейробиологиямен шұғылданады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе