ШҚО-да қосымша білім беретін ұйымдар онлайн жұмыс істеуде

– Шығыс Қазақстан облысында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары онлайн жұмыс істеуде, деп тілшісі.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкен ұйымдардың бірі – Өскемендегі оқушылардың шығармашылық сарайы. Бүгінде сол мекеменің қызметкерлері балаларды бес бағыт бойынша оқытуда.«Біздің ұжым оқушылармен вокалдық, хореографиялық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Жоспарланған шаралар онлайн режимде өтіп жатыр», - дейді оқушылар шығармашылық сарайының директоры Галина Асташкина.Оның айтуынша, балалар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай викториналық сауалдарды шешіп, ой-өрісін кеңейтуде. Сондай-ақ мамандар оқушылар мен ата-аналарға онлайн режимде психологиялық кеңес беруде.Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда мектеп түлектеріне қашықтан бағыт-бағдар беріліп жатқаны хабарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе