Павлодарда жасұландықтардың қатарын ең үздік мектеп оқушылары толықтырады

ПАВЛОДАР. 30 сә1 мамыр күні Павлодардың Колоннада алаңында қаланың үздік мектеп оқушыларын«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Оқушыларға галстуктер мен төсбелгілерді қала басшылары, Павлодардың құрметті азаматтары, педагогикалық еңбек ардагерлері табыстайды.

«Жас Ұлан» балалар ұйымының құрылғанына бір жыл толмағанымен, оның қатары қарқынмен толығуда. Павлодар облысында «жасұландық» атағына мыңнан астам мектеп оқушысы ие.

Балалар қоғамдық ұйымының жаңа мүшелері қатарына халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалардың, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен мектептегі өзін-өзі басқарудың көшбасшылары енетін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе