Астанада ЖОО-ларға инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

АСТАНА. 16 Астанада жоғары білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.Халықаралық конференция 17-18 мамыр күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтеді. «Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибе мен келешек» тақырыбындағы іс-шара оn-line режімінде таратылатын болады.

Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың көкейтесті мәселелері талқыланатын конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

Конференция барысында инновациялық білім беру технологияларына арналған көрме ұйымдастыру жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе