СҚО-да мектеп автобустары тексеріліп жатыр

– Солтүстік Қазақстан облысында білім басқармасының бастамасымен «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы ұйымдастырылып, тәртіп сақшылары көліктердің сапасын тексерді, деп тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өңірде 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өтіп жатыр. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп-лицейінде болды. Білім басқармасының өкілдері «Жолда байқап жүр» атты тәрбие сағатын өткізсе, полицейлер оқу орны автобусының техникалық жағдайын, құжаттарын тексерді. Салонда дәрі-дәрмек қобдишасы мен өрт сөндіргіштің болуы міндет. «Мектеп автобустарына қойылатын бірқатар талап бар. Міндетті түрде «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш белгісі, сары түсті жарық белгілері болуы қажет. Жылтылдаған жарық белгісі басқа жол қозғалысы қатысушыларының алдында басымдық бермесе де, жүргізушілерге кей талаптарды орындамауға мүмкіндік береді. Мәселен, «тоқтауға рұқсат жоқ» жол белгісінің жанына аялдауға болады, әрі бұл белгі басқалардың назарын аударады», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқов. «Парасат» мектеп-лицейінде 500-ден аса оқушы болса, олардың шамамен 120-сы күнделікті тасымалданады. Автобус үш мезгіл қатынайды. Мектеп автобустарының жүргізушілерімен үнемі алдын алу әңгімелері өткізіледі. Оқу орындарының басшылығы елді мекендерден тыс жерлерде балаларды тасымалдау патрульдік полиция экипажының алып жүруімен жүзеге асатыны ескертіледі. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы облыстың барлық аудандарында өткізіледі. Жалпы облыс бойынша, 1400-ден аса бала интернатта оқиды. Бұдан басқа 1200-ге жуық оқушы күнделікті мектепке қатынайды. Оларды тасымалдауға 125 көлік бөлінген. Биыл «ГАЗель» маркалі 33 шағын автобусты сатып алуға облыстық қазынадан қаражат бөлінді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе