Қарағанды облысында шамамен 19 мың бала бірінші сыныпқа барды

ҚАРАҒАНДЫ. 1 Биыл Қарағанды облысында бірінші сыныпқа баратындардың қатары көбейді, олар шамамен 19 мың болды, деді өңір басшысы Әбілғазы Құсайынов.Бүгін облыс әкімі көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды. Өңір басшысы оқытушылар мен мектеп табалдырығынан аттаған оқушыларды Білім күнімен құттықтай келе, тәрбиеленушілердің жағдайымен танысты.

Тек биылғы жылдың өзінде Қарағанды облысында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді, деді ол. «Облыстың барлық оқу мекемелерінде, балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін 304 мыңнан астам адам оқиды. Олардың тәрбиелеу және оқыту жұмыстарымен 31 мыңнан астам оқытушы айналысады. Облыста 564 мектеп бар. Өткен жылы бірінші сыныпқа баратындардың саны 17 мыңға жуықталса, биыл олардың қарасы 19 мыңды құрады», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы мектеп-интернатқа 6 млн. теңге қаражатқа есептелген сертификатты табыс етті.

Айта кетейік, аталмыш көруі нашар балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат 1971 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын. Онда 150 бала білім алуда. Оқу үрдісі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуде. Мектепте 36 оқытушы мен 28 тәрбиеші жұмыс істейді. Спорттық және басқа да сала бойынша 20-дан астам үйірме ұйымдастырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе