Дариға Назарбаева Франция СІМ өкілдерімен екі ел университеттерінің ынтымақтастығын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Француз Республикасы Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Флоранс Манженді қабылдады.

 

 Д.Назарбаева Франция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы саяси және экономикалық негізгі әріптес болып табылатынын атап өтті. Жүздесушілер екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне де тоқталды. Гуманитарлық ынтымақтастық, атап айтқанда, университеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі талқыланды. Қазақстан мен Франциядағы дінтану пәнін оқытуға қатысты тақырыптар да қозғалды.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды. Халықаралық терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы пікір алмасылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе