Мақтааралдық мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді

– Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған кездесуде оқушыларға танымдық дәрістер жүргізіліп, тиісті мәліметтер берілді, деп тілшісі.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы кездесу Нұрлы жол ауылында орналасқан жалпы орта мектебі мен Арайлы ауылында орналасқан «С.Датұлы» атындағы білім ұясында өтті. Мақтаарал ауданы бойынша дін зерттеу орталығының теологтары Азамат Жәлелов пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ теолог-инспекторы Алмасбек Қожахметтер керағар ағымдардың жетегіне еріп, тура жолдан адасып жүрген азаматтар туралы кең көлемде ақпарат берді. Сондай-ақ, жат ағымдардың арбауына түспеу үшін діни сауаттылықты көтеру керек екендігін нақтылап айтты. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан шарада жастар мен теолог мамандар арасында ашық әңгіме өрбіп, еркін форматта пікір алмасты. «Әлем халықтарының жүрегіне үрей ұялатып, қорқыныштың дәнін сепкен, мейірім мен адами қасиетке толы дініміздің атын жамылып арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген экстремистік топтарға қоғам болып қарсы тұрғанда ғана бұл түйіткілді мәселенің шешімін табуға болады»,- деді кездесуге қатысқан теологтар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе