ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталды (ФОТО)

Бүгіннен бастап ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында және барша әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңі басталды. Бұл күні барлық өңірлік әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңінің ашылуына орай, салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік Әнұран орындалды. Барлық бөлімдердің жеке құрамында саптық даярлықтар және жаңа оқу кезеңіне дайындық барысы тексерілді, - деп хабарлайды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.

Салтанатты жағдайда алаңда сап түзеген барша жеке құрамды әскери бөлім командирлері жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, Отан қорғау жолындағы ұлы істеріне сәттілік тіледі.

Жаңа оқу кезеңі дәстүрлі түрде мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағынан басталды. Ол «Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы, реформатор, заманауи Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбында өтті. Алматыдағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамымен осы пән бойынша алғашқы дәрісті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиевтің өзі өткізді.

Дәріс барысында ол офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жаһанда болып жатқан өзгерістер мен тұрақсыздықтарды, біздің мемлекетімізге олардың тигізер әсері, әскеріміздің әлеуетін арттыру мен дамыту және әлемдік дағдарысқа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Еліміздің соңғы 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен егемендігіміздің қалыптасуы және дамуы жолында Елбасы Н. Назарбаевтың сіңірген еңбектері туралы тұшымды пікірлер келтірді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының екінші бөлімінде  жеке құрамға ҚР Президенті Н. Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді.

Сабақтың қорытынды бөлігінде өңірлік қолбасшылық офицерлері мен келісімшарт әскери қызметшілеріне 2016 жылғы екінші жартыжылдықтың жазғы оқу кезеңінде атқарылар міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе