ҚХР-дың Сиань қаласында қазақстандық орталық ашылатын болды

2017 жылдың бірінші жартысында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы шет тілдер университетінде қазақстандық орталық ашылады. Ал, осы жылдың қыркүйек айында онда қазақ тілі кафедрасы ашылады.Аталмыш мәселелерге байланысты келісім бүгін Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі Қайрат Абдрахманов пен Қытайдың аталған жоғары оқу орнының бірінші проректоры Ван Фэнмен болған келіссөздер барысында мәлім болды.

СШТУ 1950 жылы құрылған және онда 51 түрлі мамандық бойынша мамандар даярланады. Оқу орны сонымен қатар халықаралық деңгейдегі қызметкерлер мен аудармашылар дайындайтын бірден бір білім ошағы. Университетте 15 мыңға жуық студент білім алуда. Олардың арасында 72 қазақстандық бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда ең алғашқы қазақстандық орталық 2015 жылдың 16 қаршасында Шанхай шет тілдер университетінде ашылған болатын. Екіншісі осы жылдың 13-ші желтоқсанында Бейжің шет тілдер университетінде, үшіншісі 2016 жылдың 8-қаңтарында Дальян шет тілдер университетінде ашылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе