Білім мен экономиканың дәуірі келе жатыр - Н. Назарбаев

АСТАНА. 29 Білім мен экономиканың дәуірі келе жатыр. Бүгін Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдық мерейтойына арналған форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.Елбасының сөзіне қарағанда, болашақта дәл осы білім мен экономика - дамудың шешуші факторы болып табылады. «Бұл ретте біз үшін ең маңыздысы жаратылыс ғылымдарын дамыту: физика, химия, биология, математиканы. Осы салаларда инновация үшін таусылмас әлеует бар», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ел дамуына креативтік серпін берудің аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан да, Қазақстан ғылымға бұрынғыдан да мол инвестициялар салып жатыр. «Жаңа зертханалар озық қондырғылармен жабдықталып, салынуда. Қаржыландырудың жаңа жүйесі жүргізілуде. Бізге осы әлеуетті пайдаланатын адамдар керек», - дей келе Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ел дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. «Болашақ энергиясы» атты тақырыппен өтетін осынау халықаралық шара менің ойымша, «жаңа экономикаға» өтудің маңызды кезеңі болады. Бұл экономика мүлдем басқа қондырғыларды, басқа индустрия мен басқа өнеркәсіпті талап етеді. Сондықтан да, біз осындай мүлдем басқа, мүлдем жаңа дүниелерді қолдана отырып Қазақстанда индустрияның қандай болуы керектігіне қатысты түсінікті түбегейлі өзгертуге тиіспіз», - деді Елбасы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе