81 жастағы «студент әже» университет дипломын алды

Тяньцзинь университетінде (Солтүстік Қытай, Тяньцзинь) 2018 жылы заманауи қашықтықтан білім беру факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Синьхуа.

Солардың арасында курсты толықтай тәмамдағаны туралы диплом алған 81 жастағы «студент әже» Сюэ Миньсю де болды.  

1936 жылы желтоқсанда дүниеге келген Сюэ Миньсю 2014 жылдың наурызынан бастап заманауи қашықтықтан білім беру факультетінің «электрондық сауда» мамандығы бойынша білім алып келген. 

Ол 2017 жылдың желтоқсанында информатикадан алтыншы рет емтихан тапсырып, университеттегі оқуын табысты аяқтаған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе