Ақмола облысында 120 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алып жатыр

– Ақмола облысында 120 мыңнан астам оқушы төртінші тоқсанда қашықтан білім алуда, деп тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қашықтан оқыту әдісі «Ел Арна» және «Балапан» телеарналары, сондай-ақ, «BilimLand», «AiTube», «SSabak.kz», «DDaryn.online», «Youtube» интернет-ресурстары мен WhatsApp, Telegram мессенжерлері арқылы жүзеге асырылуда. Мұғалімдер бағаны «Күнделік» ақпараттық жүйесі арқылы толтырады. Аршалы ауданындағы мектептің 7 сынып оқушысы Сейділдә Сұлтан қашықтан оқыту әдісі көңілден шыққанын айтуда. «Мен бірінші рет қашықтан оқып отырмын. Жаңа формат өзіме ұнады. Көркем және қызықты сабақта жаңа материалды игеруге жеңіл. Тақырып бойынша WhatsApp арқылы сұрақ қойып, жауап алуға болады. Сабақ мектептегіндей дәстүрлі сабақ сияқты өтті», - дейді оқушы.Ведомствоның мәліметінше, өңірде қашықтан оқыту кезінде туындайтын мәселелерді шешу жөнінде арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, 20 колл-орталық жұмыс істейді, мамандар күн сайын техникалық және әдістемелік көмек көрсетіп отырады.Айта кетейік, өңірде барлық мектептер қашықтан оқыту форматына көшкен жоқ. Шағын комплектілі мектептердег барлығы 5 мыңға жуық оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың бұл мектептерде санитарлық нормалар күшейтілген.«Оқушылар сыныптан сыныпқа көшіп жүрмейді. Сабақ 30 минутқа созылады. Әр сабақ сайын сыныпта дезинфекция жүргізіледі. Бұл шаралардың барлығы оқушылардың қауіпсіздігі үшін. Барлық оқушы маска және саусақты қолғап киіп жүреді», - деп түсіндірді Ботагөз Дүйсенова.Еске сал кетейік, Қорғалжын ауданында 12 мектептің оқушылары дәстүрлі оқыту әдісімен білім алып жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе