Қырғызстанда 2 мыңнан астам бала мектепке бармай жүр

Қырғызстанда мектеп табалдырығын аттамаған балалар саны төмендеді, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2012 жылы 8329 бала жалпы білім беретін мекемелерге бармаған. Ал 2018 жылы аталмыш көрсеткіш 2177 балаға дейін қысқарды.

«Жыл сайын қаңтар, мамыр және тамыз айларында мектеп жасындағы балаларға есеп жүргізіледі. Тамыз айындағы есеп бойынша 140 мыңнан астам бала тіркелді. Сондай-ақ, әртүрлі жастағы 2177 бала мектепте білім алмайтыны анықталды. Олардың 1545-і оқу ордаларына қайтарылды», -деді министрліктегілер.

Бұдан бөлек, 2018 жылғы сәуір-маусым аралығында мектеп оқушыларын есептеу жүйесін электронды форматқа көшіру үшін мектеп оқушыларының мағлұматтары цифрландырылды (балалардың электрондық төлқұжаты).

Сондай-ақ, 2018 жылғы 12-14 қыркүйек аралығында республика аумағында Қырғызстан Республикасының ІІМ-мен бірлескен «Сәлем, мектеп» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында мектепте білім алмайтын кәмелет жасына толмаған 138 бала анықталды. Олардың 115-і оқуын ары қарай жалғастыру үшін жалпы білім беретін мекемелерге қайтарылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе