Ақтауда мектеп мұғалімі қызылша жұқтырып, оқушылар жаппай екпе алып жатыр

Ақтаудағы №12 мектептің мыңнан астам оқушысы қызылша жұқтыруы мүмкін. Осындай қауіптен кейін аурудың алдын алу үшін оқушыларға екпе егіле бастады. Мектеп басшылығының не себепті мұндай әрекетке барғаны белгілі болды, деп тілшісі.

Алдымен, 1-сыныптың оқушылары вакцина алуды бастады. Бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған және ата-анасы вакцинаға қарсы емес балаларға вакцина салынып жатыр. Себебі, осы мектептің бастауыш сынып мұғалімінен қызылша анықталған. Ол қазір жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. «Ол мұғалім 14 қаңтарда келді. 24 қаңтарда ангинамен ауырып, емделуге кетті. Бізге санэпидстансадан телефон соқты. Қызылша анықталды деп. Кешеден бастап ұжымға вакцина салынып жатыр. Таңертең барлық кабинетке барып, қарап шықтым»,-дейді жалпы білім беретін №12 мектептің директоры Жаннат Анисова. «Диагноз нақтыланды. Қазір қайдан, қалай жұқтырғаны анықталуда. Жағдай орын алды. Бірақ бәрі бірдей ауырады деген сөз емес. Иммунизация жасаймыз. Мектептегілердің бәрі егілуі керек. Бірақ мың баланың бәрі мектепте емес, үйінде ауырып жатқандар бар. Аллергия, ангинасы барлар да ала алмайды. Кем дегенде 500-не салуымыз керек»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов. Екпе шаралары 3 күннің ішінде аяқталуы керек. Тиісті мамандар тартылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Мұғалімдер мен оқушылардың бірқатары вакцинаны тіркелген емханаларынан да алып жатыр. Ата-аналар тарапынан әзірге қарсылық болған жоқ. «Мен қызылша екпесіне қарсы емеспін. Алу керек. Иммунитетке қорғаныш»,-дейді ата-ана Маржан Шақтыбайқызы. Әзірге мектеп ұжымы мен оқушылар арасында нақты қызылша жұқтыру фактісі тіркелмеген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе