Қарағанды облысында 14 балалар технопаркі ашылмақ

Қарағанды облысында техникалық шығармашылыққа қызығушы балалар үшін көптеген жаңашылдықтар пайда болды. Өткен жылы 209 робот техникасы лабораториялары мен 73 IT-сынып ашылды. Қалалық және ауылдық оқушылар үшін бірдей жағдайлар жасалуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алғашқы төрт технопарк Шахтинск, Қарағанды, Балқаш қалалары мен Абай ауданында ашылды. Биыл осындай орталықтардың саны көбейеді, ол үшін 14 технопарк ашу жоспарлануда.

Абай ауданының Топар ауылында технопарк бұрынғы ауыл шаруашылық колледжінде ашылды. Күн сайын онда 300 дейін бала келе алады. Орталықта тек қана топарлық балалар ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы ауылдарданда балалар келеді.

Мұнда әр бала мен жасөспірім өз қызығушылығы бойынша үйірмені таба алады. Лабораторияларда балалар техникалық құрастыру мен модельдеуді, бағдарламалауды, металл жонушы және темір ұстасы істері бойынша білім алады, түрлі ғылымдарды меңгереді. Жас техниктер заманауи станоктар мен жабдықтарды пайдаланады.

Ұстаздар балалар жай ғана нақты бір білім мен тәжірибені алатын ескі әдістерден жаңасына көшуде. Бүгінде ғылымдарды біріктіруге бағытталған STEAM білім технологиясы енгізілуде. Ол болашақ мамандықтарды даярлауға бағытталған.

Технопарктегі барлық лабораториялар өзара байланыстырылған. Мұндай тәсіл жақсы нәтижелер беруде. Топарлық оқушылар энергияны үнемдеу және энергияның балама көздері салаларында өз жобаларын дайындауда. Мұндай жобаның бірі нейрон датчиктерін қолданумен байланысты.

Сонымен қатар жас зерттеушілерге өз жобаларын дұрыс қорғау үйретіледі. Ол үшін технопаркте маркетингтік аймақ ұйымдастырылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе