ИННОВАЦИЯ БАҒЫТЫНА ҚАРАЙ: Академиялық ұтқырлық бағдарламасы қазақстандық ЖОО-ларға жаңа мүмкіндіктер береді - Дария Қожамжарова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында әлемдік білім кеңістігіне кірудің мүмкіндігі ретінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді енгізілуде, деп атап тілшісімен әңгімесінде ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова.«Академиялық ұтқырлық - студенттерді немесе оқытушыларды белгілі бір уақытқа ел ішінде немесе шетелдерде оқыту немесе зерттеулер өткізу үшін уақытша орнын ауыстыру дегенді білдіреді. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасудың тиімді әдісі, - деп атап өтті ректор. - Халықаралық бағдарлама шетелдік жоғары оқу орнында білім алумен қатар, басқа елдің өмірі мен мәдениетін терең зерделеуге көмектеседі.

Л.Қожамжарова 2010 жылы наурызда Болон үдерісіне қатысушы елдердің білім министрлерінің екінші Болон форумында Қазақстан Болон үдерісі декларациясына  қосылып, осы үдерістің 47-ші мүшесі және алғашқы Орталық Азия мемлекеті болып, еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі болғанын еске салды. Бұл біздің білім бағдарламалары мен оқу жоспарларымызды еуропалық стандарттарға сәйкестендіріп, отандық біліктілік пен академиялық дәрежелердің танылуына, қазақстандық дипломдардың еуропалық аймақта алмастырылуына, бірлескен білім бағдарламаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге және басқа да артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындвағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында академиялық ұтқырлық үлесін арттыру міндеттері алға қойылған, - деп әңгімелелі ТарМПИ ректоры. - Академиялық ұтқырлықтың халықаралық бағдарламасы аясында біздің жоғары оқу орнымыздың 5 студенті 2013-2014 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Лодзь университетінде (Польша) оқудан өтті. Жазғы семестр кезінде ҚР БҒМ квотасымен шетелдік еуропалық жоғары оқу орындарына тағы тоғыз студент жіберу жоспарланып отыр. Бұлар Чехиядағы Томаш Бати университеті, Болгариядағы София университеті, Польшаның Лодзь университеті».

Л.Қожамжарованың айтуынша, ТарМПИ жыл сайын Еуропаның және Оңтүстік Шығыс Азияның жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасасады. Содан-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарымен (Талдықорған, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Арқалық, Шымкент, Алматы) тең дәрежеде студенттер алмасып отырады.

«Халықаралық білім кеңістігіне кірігудегі басты мақсат - әлемдік стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын арттыру, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру», деп атап көрсетті ТарМПИ ректоры.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстанның оңтүстігіндегі жетекші жоғары оқу орны, бакалавриаттың 27 бағыты бойынша - білім, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, өнер, қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайды. Институт құрамына алты факультет және 27 кафедра кіреді, онда 400-ге тарта оқытушы жұмыс жасайды, олардың жартысының ғылыми атақтары бар. ТарМПИ-де алты мыңға жуық студент білім алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе