ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН: Шэньси (ҚХР) жеке меншік жоғары оқу орны Таразда университет салуды жоспарлауда

Қытай мен Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысқан халықаралық ынтымақтастық форумы қытайлық Шэньси провинциясының Сиан қаласында өтті.Қазақстандық делегация мүшесі, ҚР Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық академиясының академигі Рашид Бакировтың сөзіне қарағанда, форумды Жи Гун Дан («Әділдікке ұмтылу») қытайлық партиясы ұйымдастырған. Шараның мақсаты - көне сауда жолы өткен бірқатар елдерде жаңа нысандарды салу мүмкіндіктерін зерттеу, Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін құру аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, деп атап өтті Р.Бакиров.

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан барған қонақтарға Шэньси провинциясындағы Пэйхуа университетіне экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда 20 мыңнан астам студент білім алады.

Кездесуде Пэйхуа университетінің ректоры және иесі Жанг Бо Қытай Ұлы Жібек жолында университет салуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Арманым - Ұлы Жібек жолында халықаралық университет салу. Онда Қытайдан, Қазақстаннан және Орта Азия елдерінен студенттер білім алар еді, - деді ол. - Бұл мәселе бойынша, яғни оның қайда салынатыны жөнінде ҚХР-дың Шэньси және Қазақстанның үкіметтеріне бармақпыз».

Жанг Бо айтқандай, қазір Шэньси үкіметі мен Жамбыл облысы арасындағы мәдени-экономикалық байланыс дамып келеді.

«Тараз қаласын Ұлы Жібек жолының орталығы дейді. Сондықтан ЖОО-ның осы жерде салынғанын қалар едім», - деді Пэйхуа университетінің ректоры.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе