Еуразия университетінің қытай тілі кафедрасы қазақша-қытайша сөздік шығарады

АСТАНА. 24 сәЕуразия университетінің қытай тілі кафедрасы алдағы уақытта қазақша-қытайша сөздік шығармақ.Бұл туралы бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 20 жыл, университеттің филология факультетінің құрылғанына 50, ал қытай тілі кафедрасының ашылуына 1 жыл толуына орай өткен шарада проректор Дихан Қамзабекұлы мәлім етті.

«Университетімізге кіреберісте үлкен Құлтегін Атриумы тұр. Осында 2001 жылы Күлтегін ескерткішінің көшірмесі алынып келген еді. Сол ескерткіштің бір жағында көне түркі жазуы болса, екінші жағында қытай жазуы бар. Бұның өзі біздің елдеріміздің қарым-қатынасы, достығының тарихы ерте кезеңнен бастау алғанын дәлелдесе керек», - деді Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы. Оның айтуынша, ел ретіндегі дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл толуының өзі - бұған дейінгі тарихи кезеңдегі халықтар араластығының жаңа кезеңін, қорытындысын білдіреді. «Біз жаңа кезеңдерде де мәдени-рухани дамуға барынша мүдделіміз. Сол үшін университеттермен, ғалымдармен байланысты орнатып жатырмыз. Мынадай арнаулы кеш жасау арқылы біз қашанда екі халықтың достығын нығайта түскіміз келеді. Бұл бағытта ғылыми жұмысты дамыта түсуіміз керек. Соның ішінде қазақша-қытайша сөздік жасауды қолға алғанбыз. Бұл алдағы уақытта жарық көретін үлкен әрі толымды еңбек болмақ», - деді Дихан Қамзабекұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе