Маңғыстауда 365 оқушы кәсіпкерлікті үйренді

Өңірде 365 оқушы «Кәсіпкер боламын» жобасы аясында бизнес негіздерін үйренген, - деп тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында, жобаны облыстық бюджет есебінен «Al-Farabi Education» Business Academy жүзеге асырған. Бағдарлама мақсаты - жоғары сынып оқушыларын бизнес негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік сананы дамыту, мектеп, іскерлік қауымдастықты күшейту.

Жоба қаңтар айынан басталып, маусым айында аяқталған. Оған өңірдің 12 мектебінен 365 оқушы қамтылған.

Бастапқы кезеңдерде орталық қызметкерлері 85 бизнес-тренерді дайындаған. Кейін облыстың жетекші кәсіпкерлері мен өнеркәсіптік кәсіпорындары басшылары бірлесіп, жоғары сынып оқушыларымен өз кәсібі сырларымен бөлісе отырып, шеберлік сабақтарын өткізген.

Жобаның қорытынды кезеңінде Республикаға танымал бизнес-тренерлер келген. Олардың қатарында қазақстандық тележүргізуші,  телевизиялық продюсер Ләйлә Сұлтанқызы, Doma Doma Production лейблі, композитор, музыкант, продюсер - Самсон Аракелян (Big Som), инставайнерлер медиа-жобасының жетекшісі, «Upgrade Group» ЖШС бас директоры Абылай Юсупов, «Хабар» агенттігінің арнайы жобалар қызметінің жетекшісі Өркен Кенжебек, политолог, бұқаралық коммуникациялар саласының сарапшысы Алина Хаматдинова, бизнес-тренер Айгерим Ахметжанова, «Baikadam Media Group» оқыту орталығының директоры Нұрлан Жанайлар бар. 

Оқушыларға өз тәжірибесімен бөліскен Ләйлә Сұлтанқызы олардың талантты әрі жетістікке деген құштарлығы зор екенін атап өтті.

«Ақтаулық оқушылармен «Кәсіпкер боламын!" атты жоба аясында керемет кездесу өтті. Бизнестегі тәжірибем, жоспарларым туралы айтып, әлеуметтік коммуникация тақырыбында да ой бөлістік», - дейді танымал тележүргізуші.

Соңғы кезеңге 150 жоғары сынып оқушысы қатысқан. Олар «Әлеуметтік байланыс», «Мотивация және мақсат қою», «Бизнес-жоспарлаудың негіздері», «Маркетинг, креативті ойлау» тақырыптарында білімдерін шыңдаған.

«Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына күннің тақырыбына орай қызықты квесттер, флэшмобтар және лагерлік алау жанындағы сұхбаттар ұйымдастырылған. Лагердің қорытындысы ретінде оқушылардың бизнес-жоспарлары мен жобаларының презентациялары жасалды», - дейді «Al-Farabi Education» Business Academy серіктестігінің менеджері Айгерім Бекенова.

«Кәсіпкер боламын!» жобасы аясында қаңтар айынан бастап, бизнес лагерьге арнайы қонақтар шақыртылып, олар өз тәжірибелерімен бөліскен.

Жоба қатысушылары нәтижесінде әлеуметтік желілерде коммерциялық компанияларға тән виртуалды компаниялар құруды үйреніп, өз жобаларын қорғаған.

Айгерім Бекенованың айтуынша, лагерьдің соңғы күні 18 жоба қорғалып, оның ішінен 3 жоба үздік деп танылған. 1 орын иегерлеріне 150 мың теңгеден, ынталандыру сыйлығы ретінде 100 мың теңгеден грант бөлінген.

«Happyland» мерекелік агенттігі»  жобасы 1 орын иеленген. Жобаны Ақтау қаласының №2 орта мектеп оқушылары: Фукс Виолетта, Айтимова Мадина, Аубакирова Алина, Угай Валерия, Баженов Петр, Моденов Александр, Хачатрян Давид, Аббосов Мухамедали, Гусев Егор сынды қатысушылар бірігіп жасаған.

 Ал «Киізден жасалған сәндік бұйымдар» жобасы ынталандыру сыйлығына лайық деп танылған. Оны Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр» мектеп лицейінің оқушысы Сұлтанмұрат Айгүлім жасақтаған. 

Сонымен қатар, «Тастүлек» құс шаруашылығы» жобасы да үздіктер қатарына енген.  Оны Мұнайлы ауданынан келген №3 орта мектеп оқушылары Бөпежан Райымбек, Қуанов Самат ұсынған.

Мерекелік жабылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқарма басшысы Венера Мұстапева қатысып, жеңмпаздарды марапаттаған.

Шолпан Ілмұханбетова жобаның келесі жылы да жалғасын табуы тиіс екенін айтып, ерекшеліктері мен жетістіктеріне тоқталған.

«Кәсіпкер боламын» жобасы оқушыларға нағыз керек жоба. Бос уақытын босқа өткізбей, кәсіпкер болуға, жастайынан істі меңгеруге машықтайды. Бұл арқылы болашақта Маңғыстауда қаншама ірі кәсіпкерлер шығуға мүмкіндік бар»,-деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе