Ақтауда «Не? Қайда? Қашан?» элитарлық ойынының ақтық мәресі өтті

АҚТАУ. 15   Ақтауда «Не? Қайда? Қашан?» элитарлық ойынының ақтық мәресі өтті.2011 жылы басталған ойын қорытындысына  «Держава», «Каспий», «Қаражанбасмұнай» деп аталатын 3 топ қатысты. Ойын ережесіне сай әр топ 10 сұрақтың әрқайсысына 1 минут ішінде жауап беруі тиіс.  Сұрақтар осы ойынның 4 мемлекеттегі  өкілдері тарапынан келген.

«Не? Қайда? Қашан?» Ақтау клубының президенті Марина Жиркованың айтуынша, бұл ойын Ақтауда 2011 жылдың барлық  айында өтті. Алғашқы ойындарды Мәскеу қаласынан аталмыш ойынның білгірі Александр Друзь келіп тамашалаған.  Бастапқыда онға жуық топ бақ сынасқан болса, уақыт өте келе 3 топ қалған.

Әр топта 6  адамнан бар. Олардың барлығы  өз еріктерімен интеллектуалды ойынға қызығушылық танытып келгендер. Топ құрамдарында қарапайым студент те, қаржыгер де бар. 

Бұл жолғы ақтық ойын қорытындысында  «Держава» тобы жеңімпаз атанды. 

«Бұл жеңіске қол жеткізу үшін біз ұзақ дайындалдық. «Каспий» секілді мықты топты жеңгеніміз үшін қуаныштымын. Бұл жеңіс біздің одан әрі дамуымызды ынталандырады» - дейді «Держава» тобының басшысы Андрей Левченко.

«Каспий» тобын құрған Алтынгүл Меңдіханның айтуынша, бұл ойынның берер пайдасы көп.

«Ой өрісің жетіліп қана қоймай, білімің кеңейіп,танымың молаяды. Алғашында осы топты құрғанда адам саны көп болатын. Кейін сұрақтардың логикалық тұрғыдан күрделі шешілетіндігіне қарай адам саны сұрыптала түсті. Кейін тек үнемі ізденісте жүретін, зерделі де зерек азаматтар ғана қалды. Біздің топ ойыншылары еліміздегі 7-ші арнада өткізілген осы ойынның теленұсқасына да қатысып қайтты»,- дейді Алтынгүл Меңдіхан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе