Алматы облысының педагогтары Кембридждегі әріптестерімен ынтымақтастықты жолға қойды

19 желтоқсанда Талдықорғанда Педагогикалық шеберлік орталығы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Назарбаев зияткерлік мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің сайтында хабарланды.

Келешектегі ынтымақтастық жоспары туралы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ермек Қасымбеков мәлім етті. Оның айтуынша, құжатқа қол қойылғаннан кейін кешенді шаралар жоспары әзірленіп, оны табысты іске асыру жолдары қаралатын болады.

Келісімге қол қойған тараптар өкілдері Lesson Study педагогикалық тәсілін білім беру үрдісіне енгізуге, сондай-ақ Кембридж университетіндегі әріптестерімен ынтымақтастық, педагогикалық  тәжірибені ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударды.

Білім беру басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, Талдықорған, Текелі, сондай-ақ Көксу, Ескелді аудандарының мектептері базалық білім беру мекемелері болып таңдалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе