Біздің басты мақсатымыз халықаралық стандарттарға сәйкес болу - Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев

АСТАНА. Қарашаның 20/Марлан Жиембай/ - Біздің басты мақсатымыз халықаралық стандарттарға сәйкес болу. Бұл пікірді бүгін елордада өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев білдірді,деп .

Форумның басты мақсаты жұмысшылармен арадағы байланысты жолға қойып, еліміздің оқу стандарттарын жетілдіру екендігін атап өткен министр «көрмеде кәсіби-техникалық салаларда білім беру бойынша жаңа стандарттар ұсынылып отыр. Бұл басты жетістіктердің бірі. Біздің мамандар осыған байланысты германиялық, норвегиялық, голландық әріптестермен бірлесе екі жылға жуық жемісті жұмыс істеді», деді ол.

Ағымдағы жылы форумның форматы өзгеріп, географиялық ауқымы біршама ұлғайған. Мәселен, алғашқы форумда 5 ел қатысса, осы жылы олардың саны 11-ге жеткен. Атап айтсақ, олар - Норвегия, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Сауд Арабиясы, Голландия, Қырғызстан, Франция, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері.  Шара барысында бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Шара шеңберінде техникалық және кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестердің көшбасшылары мен «техникалық және кәсіптік білім берудің үздік оқу орны» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс берушілердің болжамымен алғаш рет үздік оқу орны анықталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе