Қазақстан әлемдік көшбасшылар қатарына өзінің экономикасын инновациялық жаңғырту арқылы ғана ене алады - А.Күрішбаев

АСТАНА. 5 сәҚазақстан әлемдік көшбасшылар қатарына өзінің экономикасын инновациялық жаңғырту арқылы ғана ене алады.Бұл пікірін бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде өткен «Сәкен тағылымы» 8-інші Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда аталмыш оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев білдірді.

«Университет басшылығы бұл ғылыми форумға үлкен мән береді, себебі онда біздің белгілі ғалымдарымызбен бірге, еліміздің болашақ ғылыми элитасы - жас мамандар ұсынылып отыр. Қазіргі уақытта мемлекет саясатында ғылымды дамыту басты басымдық ретінде анықталып отыр. Өйткені, үлкен территорияға ие және халық санының тығыздығы аз - біздің ел, әлемдік көшбасшылар қатарына өзінің экономикасын инновациялық дамыту арқылы ғана ене алады. Ол үшін бірінші кезекте, жоғары білікті ғылыми кадрлар қажет, сондықтан елдің жоғары білім жүйесі мен ғылымды дамыту маңызды», - деді ол.

А.Күрішбаев бұған дейін Қазақстанда ғылымның дамуында басты кедергілік фактор - шектелген қаржыландыру болып келгендігін атап өтті.

«Ғылымның дамуының қандай қиын кезеңдерін бастан өткергеніміз туралы ғалымдарымыз біледі. Бірақ өткен жылы «Ғылым туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін, елімізде ғылымды дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленді. Егер 2011 жылы ғылымды қаржыландыру 28 млрд. теңге болса, биыл ол 42 млрд. теңгені құрады. Бүгінде ғылымға бөлінетін қаржы ІЖӨ-нің 0,5 пайызын құраса, 2015 жылға қарай ол ІЖӨ-нің - 1, одан кейінгі жылдары 2 және 3 пайызын құрайтын болады. Сондықтан, бүгін ғылымның дамуына қолайлы жағдайлар жасалып отыр деп әсте айтуға болады. Сол себепті, өзінің жұмысын басқа бағытқа уақытылы бағдарлай алған ұжымдар мен жоғары оқу орындар ғана жетістікті дамитындығын түсіну үшін үлкен стратег болудың қажеті жоқ», - деді ректор.

Сондай-ақ ЖОО басшысы, Ғылыми кеңестің шешімімен университеттің даму бағдарламасы қайта қаралғандығын, оқу орны бұдан былай зерттеу жұмыстарына көптеп ден қоятындығын атап көрсетті.

«Біз ғылыми-зерттеу университеті дәрежесін алуға ниеттіміз. Биыл ғылымды қаржыландыру, тек Білім және ғылым министрлігінің тарапынан 102 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылы мұндай қаржыландыру болған жоқ. Ендіз біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің, яғни «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның желісі бойынша қаржыландыруды күтіп отырмыз», - деді.

Оның айтуынша, биылдан бастап новаторларға инновациялық гранттар да бөліне бастайды, бұл ғалымдардың әзірлемелерін өндіріске енгізуге септігін тигізіп қана қоймай, оларға шет елдерге шығуға мүмкіндік беретін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе