Педагог мамандықтарына мектеп түлектерінің сұранысы артады деген үміттеміз – ЖОО ректоры

– «Ұстаз» университеті брендімен танымал Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға қатысты пікір білдірді, деп тілшісі.«Педагог мәртебесі туралы заңды жалпы ұстаздар қауымының көптен күткені рас. Заңды қабылдау мәселесі Елбасының халыққа арнаған Жолдауында көрініс тапқан еді. Содан бері ауқымды жұмыс жүргізіліп, жалпы ұстаздар қауымының, арнайы мамандардың, заңгерлердің, Парламент депутаттарының қатысуымен 21 баптан тұратын арнайы заң қабылданды. Жаңа заңның ұстаздарға ашатын мүмкіндіктерін төртке бөліп қарастыруымызға болады. Ең біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейтіп, өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан босату мәселесін қарастыруға болады. Бұл не береді? Бұл өзгеріс мұғалімдердің жеке қабілеттерін жетілдіруге жол ашайын деп отыр. Қазір заңға сәйкес, мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмыстарға тарту бойынша жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де айыппұлдар қарастырылған. Айыппұл көлемі заңда нақты көрсетілген», - деді Ержан Әмірбекұлы. Университет ректорының айтуына қарағанда, екіншіден мұғалімнің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды күшейту мәселесінің де маңызы зор. «Заңның өзі – Педагог мәртебесі болғандықтан, мәртебеге байланысты қойылатын талаптар болуы керек. Осы уақытқа дейін маман жетіспегендіктен, мұғалімдікке кез келген адамды ала беруге мүмкіндік болатын болса, бұл заңға сәйкес, арнайы біліктілік талаптарына сай азаматтар ғана мұғалім мәртебесіне сәйкестендіреді. Этика мәселесі кеңінен қарастырылған. Әдеп институты жұмыс жүргізетін болады. Педагогикалық этиканы бұзған және оған сай емес азаматтарды арнайы Әдеп комиссиясы қарастырып, тиісті шешім шығарады. Бұл – жалпы педагогтің мәртебесіне қойылатын деңгейдің дұрыстығын көрсетеді. Себебі, бұдан былай педагог болу – мәртебелі жұмыс болады. Ал енді мәртебесі жұмысқа көлеңкесін түсіріп, нұқсан келтіретін азаматтарды бұл қызметтен шеттетудің өзі дұрыс бағыт деп ойлаймын», - деді ол. Ержан Әмірбекұлы ынталандырудың материалдық сипаттан тыс тетіктерін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда осы заңға сәйкес, педагогтердің балаларына өздерінің тұрғылықты жерінен бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі – мұғалімнің жағдайына оң әсерін тигізбек. «Одан бөлек, көптеген педагогика саласындағы азаматтар бұрын 42 күн демалып жүрсе, демалыс күндері жаңа заң бойынша 56 күнге ұзартылды. Қазіргі таңда бұрын 56 күн еңбек демалысына шығып жүргендерден бөлек, бұл өзгеріс тағы 110 мың адамға қатысты болады. Сонымен бірге, педагог қызметіндегі ер азаматтардың әскерге бару мәселесі кейінге шегеріледі. Оларды әскерден алып қалып, ұстаздықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, ендігі таңда ауылды жерде еңбек ететін жас педагогтердің бәріне үй салуына арнайы жер бөлініп беріледі», - деді ректор. Университет ректоры мұғалімдер «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болса, 1 000 АЕК көлеміндегі бір реттік ынталандыру төлем берілетінін жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Тамыз конференциясында биылдан бастап алдағы 4 жылда ұстаздардың еңбекақысы екі есе көбейетінін мәлім еткен еді. Осы өзгеріс – жалпы педагогтерді ынталандырудың бірден-бір тетігі деп ойлаймыз. Педагогикалық университет ретінде бұдан былай педагогика мамандықтарына мектеп бітірушілер тарапынан биылдан бастап үлкен сұраныс болады деген ойдамыз. Себебі, қазір көптеген салада еңбекақы тұрақты болғанымен, қарқынды өсімі байқалып тұрған жоқ. Дәл осы педагогика саласына еңбекақы төрт жылда екі есе көтерілмек. Заңға сәйкес, мұғалімдерге көптеген мүмкіндіктің берілуіне байланысты мектеп бітірушілер ішінде алғыр, озық балалардың педагогикалық мамандықтарға көптеп бет бұрар деген үмітіміз бар», - деді ол. ЖОО ректоры жаңа заңның күшіне енуімен магистр дәрежесін алуға ниетті жастардың көбейетіне сенімді. Өйткені, жаңа өзгерістерге сай, магистр дәрежесін алған ұстаздың айлығына ай сайын 10 АЕК көлемінде (26 мың теңгеден астам) қосымша ақы төленбек. Еске сала кетсек, өткен жылдың 30 желтоқсанында Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе