Астанада алғаш рет зағип балаларға арналған топ ашылды

Астанада №23 балабақшада зағип және нашар көретін балаларға арналған топ ашылды, деп жазады astana.gov.kz сайты.- 2015 жылы зағип балаларға арналған балабақшаның құрылысы басталады. Осындай ерекше қажеттілігі бар балалар саны, өкінішке қарай,  жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты ата-аналардың өтініштерімен тиісті топ ашылды, - деді Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Топтың ашылуы мен алдағы уақытта зағип балаларға арналған балабақшаның салынуы оларды ерекше әдістеме бойынша оқытуға мүмкіндік береді. Өйткені, олардың бәріне дамуға, оқуға және әлемді тануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамыту жүйесі мемлекеттік білім беру саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Елордада да бұған баса назар аударылады. Басқарманың мәліметінше, 47 мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім береді. Сонымен қатар, арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен әдеттегі балабақшаларда арнайы топтар жүмыс істейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе