Қызылорда облысында қайырымдылық көмек көрсету 4,5 есеге артты

Қызылорда облысында жыл басынан бері бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен 5 мыңға жуық тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға 62 млн теңгеден астам қайырымдылық көмегі көрсетілген.Жалпы қайырымдылық көмек көрсету аясы өткен жылмен салыстырғанда 

4,5 есеге артқан.  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов баяндады.

Сондай-ақ, Марат Нұрсайынұлы халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларға да тоқталып өтті.

«2013 жылдан бастап аймақта алғаш рет Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге білім беру қызметіне ақы төлеу үшін облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Осының арқасында бүгінгі күні 365 студент жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл тағы да облыс әкімінің қолдауымен қосымша 135 грант бөлініп, жалпы білім алушылардың саны 500-ге жетті», - дейді М. Делмұқанов.

Айта кету керек, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге арналған облыс әкімінің гранты педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы  және медицина салалары бойынша бөлінген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе