ЕурАзЭҚ Интеграциялық проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры Астанадағы ҚазАТУ-да дәріс оқыды

АСТАНА. 22 ЕурАзЭҚ Интеграциялық проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры э.ғ.д., профессор Анатолий Спицын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.«Қазіргі экономиканың жаһандану мәселелері, Қазақстан мен Ресейдің оларды шешудегі рөлдері» тақырыбымен өткен дәріске экономика факультетінің 2-3 курс студенттері қатысты.

Қазақстанның ұлттық экономикасының тарихымен және қазіргі жағдайымен жақсы таныс А.Спицын, ұзақмерзімдік стратегия негізінде Президент Н.Назарбаевтың елдің дамуындағы рөлі туралы атап өтті. Жаһандық экономикадағы өзгерістерді білу қажеттілігін, олардың әлемдік экономикаға, әсіресе, Қазақстанға әсерін зерттеудің маңыздылығын қадап айтты. Қазақстанның болашақ дамуы туралы талқылаған профессордың пікірі мен университет ректоры Ақылбек Күрішбаевтың еліміздің мүмкіндіктерін бағалау және ауыл шаруашылығының салыстырмалы артықшылықтары туралы ойлары бір арнаға тоғысты.Кездесу соңында А.Спицын университет студенттеріне жетістіктер тілеп, Ауыл шаруашылығы саласын басқарған, тәжірибесі мол ректордың жетекшілік етуіндегі ЖОО-ның Қазақстан экономикасының аграрлық секторына бәсекеге қабілетті кадрлар дайындауда әлеуеті зор екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ ол, Н.Назарбаевтың таңдамалы туындыларын және ҚР Президентінің «XXI ғасырда тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» кітабының орыс және ағылшын тілдеріндегі алғашқы данасын университет кітапханасына тарту етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе