«Сатылай кешенді талдау» технологиясы - әлемдік білім беру аясына енудің мүмкіндігі» атты республикалық форум өтеді

АСТАНА. 16 18 мамыр сағат 10.00-де  Астананың  көрнекті жерлерінің бірі  Оқушылар сарайында «Оразақынова Нұрша Алжанбайқызының  «Сатылай кешенді талдау» технологиясы-әлемдік білім беру аясына енудің мүмкіндігі» аттыреспубликалық форумы  өтеді. Бұл туралы Оқушылар сарайының баспасөз қызметі хабарлайды.

Форумның мақсаты: сатылай кешенді оқытудың ролі мен маңыздылығын  ашып,  оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыру.

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР Кіші Ғылым Академиясы және Астана қаласының Білім басқармасымен ұйымдастырылып отырған республикалық форумға ҚР Білім және ғылым  министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, ҚР Кіші ғылым академиясының Вице-президенті, ф-м. ғ.к. Грищенко Валентина Федоровна, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Бимендина Әсима Темкеқызы, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті Грекова Наталья Ивановна, ҚР Кіші ғылым академиясының Алматы облысы бойынша директоры Сәрсенбаева Аян Қыдырқожақызы қатысады.

Форумда аталған технологияның авторы Нұрша Оразақынова - ҚР Кіші Ғылым Академиясының вице-президенті,   Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор сатылай кешенді талдау - технологиясын оқытудағы маңыздылығы мен пайдасын, құндылығын ашады.

Форум барысында білім алушылардың Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты XII Республикалық ауызша командалық олимпиадасы өтеді. Оған еліміздің Астана, Алматы, Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Орал облыстарынан  келген оқушылар мен студенттер командалары қатысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе