Сәуірдің орта кезіне дейін барлық мектептердің мониторингін жасау жоспарланып отыр

АСТАНА. 6 сәҚР Білім және ғылым министрлігі сәуірдің орта кезіне дейін еліміздің барлық орта мектептерінің мониторингін жасауды жоспарлап отыр.Бұл туралы бүгін Астанада аталған ведомствоның Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Ырсалиев айтты.

Жалпы Қазақстанда 16 772 білім беру ұйымы бар. Әр білім беру ұйымы 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс. Сондай-ақ жыл сайын 3 354 білім беру ұйымдарында аттестация жүргізіледі.

Бұрындары бұл шараларды жергілікті атқару органдары іске асырып келді. Әр өңір бақылау мен бағалауды өз мүмкіндігіне қарай іске асырғандықтан, білім сапасында өңірлік айырмашылықтың ұлғаюына әкелді. Бұл өз кезегінде ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуына қауіп-қатер болады. Қазақстанның білім сапасын бақылаудың орталықтандырылған тік жүйесін құру - білім беру қызметінің деңгейін арттырудың қамтамасыз ететін өңірлердегі білім сапасын бірыңғай сыртқы бақылудың іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе