Айбек Нұғымаров колледж директоры болып тағайындалды

«Қазақстан барысы» әрі екі мәрте «Әлем барысы» атанған балуан Айбек Нұғымаров Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры болып тағайындалды, деп тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығымен, облыстың білім басқармасына қарасты «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне тілшісіне Айбек Нұғымаровтың өзі растады.

Айта кетсек, Айбек Нұғымаров Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубогінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы. Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста «Қазақстан Барысы» атағын алған (2013 ж.).

Сонымен бірге, балуан 2017 және 2018 жылы өткен «Әлем барысы» турнирінде бірінші орын иеленген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе