Елбасы атына Иордания экс-Премьер-министрлері Абдель Салам Маджали мен Аднан Бадраннан хат келді - Президент поштасынан

АСТАНА. 30 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Иордания экс-Премьер-министрлері Абдель Салам Маджали мен Аднан Бадраннан хат келді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Хат иелері Қазақстанды экономикалық, рухани және мәдени ағарту орталығы ретінде танытқан елорданың орасан құрылыс ауқымына қатысты әсерлерін білдірген.

«Бүгінде Қазақстанның мұсылман әлемінде көшбасшылық позицияға шыққаны сөзсіз. «Ғылым және технология: жетістіктері мен перпективалары» атты Ислам әлемі Ғылым академиясының Симпозиум 2012 аясында Қазақстанның жетекші ғалымдарының сөйлеген сөздерінің мазмұны бұған дәлел. Біз Қазақстанда ғылым мен жаңа технология саласында жүргізілген реформалар қарқынына тандандық.  Қазақстанда болған барлық өзгерістер әлемдік өркениеттің дамуына, әсіресе Мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты нығайтуға орасан үлес қосатынына күмәніміз жоқ», - делінген хатта.

Сонымен қатар, Иордания экс-Премьер-министрлері Қазақстан Республикасының ғылым саласын, сондай-ақ білімге, рухани мұра мен диалогқа негізделген қоғамды дамыту үшін жағдай жасаудағы үлесін атап өткен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе